Тағайындау • Бүгін, 16:10

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Марғұлан Бақытұлы 1974 жылдың 6 қыркүйегінде Алматы облысында туған.

Польшадағы Краков Экономикалық Университеті, Ұлыбританияның Хертфордшир Университеті, Канаданың Ванкувер Университетін бітірген. 

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Поляк, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.