
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған іс бойынша автобус жүргізушісіне рақымшылық жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Жол қозғалысы ережелерін бұзу арқылы адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге себеп болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс материалдары мен сараптама қорытындысы жүргізушінің кінәсін растады. Қазақстан Республикасының "Рақымшылық жасау туралы" Заңына сәйкес, күдікті тарапынан қылмыстық қудалауды тоқтату жөнінде өтініш келіп түсті, – делінген ресми хабарламада.
Қылмыстық іс рақымшылық актісіне сәйкес тоқтатылғаны мәлімделді.
– Қылмыстық іс тоқтатылғанына қарамастан, айыпты тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып есептеледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылыққа және өзге де заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныс Астана қаласының әкімдігіне жолданды, – деп хабарлады елордалық полиция департаменті.