ҚЫЗЫЛОРДА. 5 тамыз. Қызылордада мобильді бал павильоны жұмыс істейді. Жобаны жүзеге асыруға облыстық кәсіпкерлер палатасы көмектесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бал арасын өсіруді өзінің сүйікті ісіне айналдырған қызылордалық Бахыт Айтмағанбетов «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасымен танысып, кеңес алу мақсатында кәсіпкерлер палатасына келеді. Ондағылар алдымен кәсіпкерге мемлекеттік қолдау түрлеріне қатысты кеңес беріп, содан кейін бизнес жоспарын әзірлеуге көмектескен. Жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландырылды.
Қазіргі уақытта кәсіпкер шеңгелдің балшырынын жинайтын жергілікті сары араларды өсіруде.
Жалпы, аймақта бал ара шаруашылығымен айналысушылар саны көп емес. Осы ретте, Бақыт Айтмағанбетов скайп арқылы Ресей, Украинадағы әріптестерімен хабарласып, кеңес алып отырады.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше