АСТАНА. 5 тамыз. Ресейдің Краснодар өлкесі Гулькевич ауданындағы полиция бөлімшесінің шатырынан қырық жыл жатқан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ресей Федерациясы тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы аталмыш дерек бойынша «кісі өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғаушылар оның қалай өлгенін, осы күнге дейін мүрдесі неліктен табылмағанын анықтауға тырысуда.
Қазір белгілі болғаны, ер адам 38-40 жыл бұрын көз жұмған. Оның қалай қайтыс болғаны, кім екені әзірге анықталған жоқ, – деп мәлімдеді өлкелік тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Наталья Смяцкая.
Сонымен қатар, ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің бұл іске қайндай да бір қатыстылығының бар-жоғы әзірге анықталмады.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: bloknot-krasnodar.ru.
• 05 Тамыз, 2015
Ресейде полиция бөлімшесінің шатырынан 40 жыл жатқан мәйіт табылды
АСТАНА. 5 тамыз. Ресейдің Краснодар өлкесі Гулькевич ауданындағы полиция бөлімшесінің шатырынан қырық жыл жатқан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Ресей Федерациясы тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы аталмыш дерек бойынша «кісі өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғаушылар оның қалай өлгенін, осы күнге дейін мүрдесі неліктен табылмағанын анықтауға тырысуда.
Қазір белгілі болғаны, ер адам 38-40 жыл бұрын көз жұмған. Оның қалай қайтыс болғаны, кім екені әзірге анықталған жоқ, – деп мәлімдеді өлкелік тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Наталья Смяцкая.
Сонымен қатар, ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің бұл іске қайндай да бір қатыстылығының бар-жоғы әзірге анықталмады.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: bloknot-krasnodar.ru.
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше