Президент • Кеше

Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев World Dog Show 2025 дүниежүзілік көрмесіне қатысып, халықаралық аренада лайықты бағасын алған қазақы тазыны ұлттық бренд, мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде толық таныту ортақ міндет екеніне назар аударды.

Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді

Бұл туралы бүгін өзінің Telegram арнасында Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Атап айтқанда, тазы тұқымын дамыту және бірегей қасиеттерін сақтау, жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық көрмелерге тұрақты қатысу сияқты бағыттардан тұратын бұл іске Қазақстан кинологтар одағымен қатар мемлекеттік органдар да белсенді атсалысуға тиіс.

Президент Іс басқармасы, Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы, Сыртқы істер министрліктері және басқа да құзырлы органдар, сондай-ақ жергілікті әкімдіктер бірлескен жүйелі жоспар аясында тиісті ұйымдастыру шараларын қолға алуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев төбет тұқымын да ерекше қамқорлыққа алып, мемлекеттік органдардың қолдауымен дәл осы ауқымда жұмыс атқару міндетін жүктеді.

Аталған мәселе Президент Әкімшілігінің ұдайы бақылауында болады.