
Фото: depositphotos.com
«Ерекше назар интернет-алаяқтардың қылмысын ашуға, контрафактілік өнімдерді тәркілеуге, ақпаратқа заңсыз қол жеткізуді (ҚК 205-бабы), авторлық және сабақтас құқықтарды бұзуды (ҚК 198-бабы), порнографияны таратуды (ҚК 311-бабы), арнайы техникалық құралдарды заңсыз сатуды (ҚК 399-бабы), ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған ұрлықтарды және басқа да қылмыстарды болдырмауға аударылды», делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Аталған қылмыстарды жасағаны үшін 272 адам ұсталған, оның ішінде 70-і екі және одан да көп қылмыс жасаған.
Интернет желісін мониторингтеу барысында заңсыз ақпарат тарататын 205 шетелдік интернет-ресурс анықталған.