
Фото: zakon.kz
Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 11 тамызда сағат 12:00 шамасында болған.
«Атырау-Индер тас жолында «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылыс жасаған. Сол кезде қарама қарсы бағытта келе жатқан «Suzuki» мотоциклімен соқтығысты. Жол апатынан 1994 жылғы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр», деп хабарлады полиция басқармасынан.