Президент • Бүгін, 12:20

Қ.Тоқаевқа тоғызыншы дан қара белбеуі табыс етілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өтті. Сондай-ақ бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Тоқаевқа тоғызыншы дан қара белбеуі табыс етілді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, дүние жүзіндегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол ашады.

ыы
Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстанда таеквондоның танымалдылығы артып, халықтар арасындағы байланыс нығая түсетініне сенім білдірді.
Чунгвон Чоу қонақжайлық танытып, Қазақстанда таеквондоның дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

рр
Бүкіләлемдік федерация басшысы ертеңгі турнирдің ұйымдастырылуына және еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.

Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

вв

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.

Президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырды. Сондай-ақ Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды.