Оқиға • Бүгін, 10:36

Полиция қызметкері екі адамды ажалдан алып қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданындағы полиция бөлімінде Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы болып қызмет істейтін полиция майоры Ержан Қазиев екі адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкері екі адамды ажалдан алып қалды

Ержан сол күнгі демалысын пайдаланып, ауыл шетіндегі жағажайда отбасы мүшелерімен бірге дем алып жатады. Кенет ол ышқына айғайлап, көмек сұраған дауысты естиді. Көлдің ортасында жүзу білмейтін орта жастағы  адам мен жас бала судан бастары бір шығып, бір кіріп батып бара жатады. Көмек сұрап шырқыраған соның әйелі екен.

Ержан Қазиев еш ойланбастан суға қойып кетіп, жедел жүзіп барып, алдымен мектеп жасындағы баланы таяз жерге шығарып, сосын жүзу білмесе де әрі масаң күйінде болса да судың тереңіне ұмтылған еркекті шашынан сүйреп судың жиегіне шығарған.

Сөйтіп майор жұмыс уақытынан тыс, демалыста жүрсе де міндетінен айнымай екі адамды ажалдан алып қалды.

Солтүстік Қазақстан облысы