Спорт • Бүгін, 12:10

Қазақстандық 10 балуан Болгарияға аттанады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық 10 балуан Болгарияға аттанады

Фото: Qazsporttv

Байрақты бәсеке осы айдың 17-24 күндері аралығында өтеді. Qazsporttv мәліметінше халықаралық додада ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды:

Арсен Жұма (55 келі).

Саламат Мұратұлы (60 келі).

Дамир Ибрашов (63 келі).

Әлібек Тұрлығазы (67 келі).

Юсуф Ашрапов (72 келі).

Ақжан Ықыласов (77 келі).

Диас Сейітқалиев (82 келі).

Темірлан Тұрдақын (87 келі).

Нұрасыл Аманалы (97 келі).

Қуаныш Амангелді (130 келі).