Балалар • Бүгін, 15:51

Биыл 3,4 млн бала қосымша біліммен қамтылған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қосымша біліммен қамту бойынша оқушылардың жалпы саны 3,2 млн-нан биыл 3,4 млн-ға дейін артқан. Олардың 62 пайызы (өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары) тегін үйірмелерге барады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 3,4 млн бала қосымша біліммен қамтылған

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде бүгінде 380 түрлі бағыттағы үйірмелер бойынша қызмет көрсететін 2 142 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахымберлинннің айтуынша, тұрғылықты жеріне қарамастан, балалардың барлық санаттары үшін қосымша білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге Оқу-ағарту министрлігі ерекше назар аударады.

«Өткен жылы елімізде 1713 мектептен тыс ұйым жұмыс істесе, биыл олардың саны 25%-ға артып, 400-ден астам жаңа қосымша білім беру ұйымы ашылды», деп атап өтті А.Рахымберлин.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 өңірде 22 оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 5 қосымша білім беру нысаны Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында пайдалануға берілді.