
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.
1–11 (12) сыныптар үшін оқу мен каникул ұзақтығы келесідей:
-
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күнтізбелік күн (2025 жылғы 27 қазаннан 2 қарашаға дейін);
-
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы каникул – 10 күнтізбелік күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін);
-
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі каникул – 11 күнтізбелік күн (2026 жылғы 19 наурыздан 29 наурызға дейін);
-
1-сыныптар үшін қосымша каникул қарастырылған – 7 күнтізбелік күн (2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанға дейін);
-
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Қорытынды аттестация өткізу мерзімдері келесідей:
- 9-сынып (10-сынып) оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді;
- 11-сынып (12-сынып) оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өткізіледі.
Сондай-ақ 9-сынып (10-сынып) оқушылары үшін емтихан өткізу мерзімдері бекітілді:
-
Математика (алгебра) пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр
-
Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тіліне сәйкес), шетел тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
-
Қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі бойынша жазбаша емтихан (ұйғыр, тәжік, өзбек тілдерінде оқытатын мектептер үшін — оқыту тілі бойынша эссе түрінде; гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер үшін — мақала, әңгіме, эссе түрінде жазбаша жұмыс) – 2026 жылғы 8 маусым;
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптар үшін) және орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) – 2026 жылғы 11 маусымда өтеді.
11-сынып (12-сынып) оқушылары үшін:
-
Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
-
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
-
Қазақ тілі/орыс тілі және ана тілі пәнінен жазбаша емтихан (ұйғыр, тәжік, өзбек тілдерінде оқытатын мектеп/сыныптар үшін — оқыту тілі бойынша) – 2026 жылғы 9 маусым;
-
Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тіліне сәйкес), шетел тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 12 маусым;
-
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілінде оқытатын мектеп/сыныптар үшін) және орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан (қазақ тілінде оқытатын мектеп/сыныптар үшін) – 2026 жылғы 15 маусымда өтеді.
Бұл бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.