Оқиға • Бүгін, 12:13

Ақтөбе су қоймасында екі бала суға батып кетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе су қоймасында үш және бес жасар балалар суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе су қоймасында екі бала суға батып кетті

Қайғылы оқиға «Ясный-2» тұрғын алабының маңында болды.

Үш және бес жастағы екі кішкентай бала жоғалып кеткен. Оларды соңғы рет суда шомылып жүрген кезде көрген. Ересектер құтқарушыларды шақырған, бірақ, өкінішке қарай, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады.

«2020 және 2022 жылы туған балалардың денелері жағалаудан алыс емес, шомылуға тыйым салынған жерде, үш метр тереңдіктен табылды», деп хабарлады құтқарушылар.