Президент • Бүгін, 11:41

Білім саласы ЖИ арқылы жаңа деңгейге көтеріледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық ұстаздар конференциясында білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Білім саласы ЖИ арқылы жаңа деңгейге көтеріледі

Мемлекет басшысы мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды да қолдана білуі керек деп санайды. 

«Білім беру мекемелерін тиісті интерактивті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету керек. Оқытуға арналған цифрлық платформалар мен электронды оқулықтар барлық оқушыға қолжетімді болуға тиіс. Бұл ретте оқыту материалдары түгел мұқият сарапталуы керек», дейді Президент. 

Қасым-Жомарт тоқаевтің айтуынша, келесі маңызды міндет - балаларға жастайынан жасанды интеллект технологиясын оқытқан жөн.

«Бұл – болашақта жастарымыздың бәсекеге қабілетті озық маман болуына қажетті бірден-бір дағды. Бұл педагогтерге де қатысты. Мұғалім өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды да қолдана білуі керек», деп атап өтті мемлекет басшысы. 

Президенттің айтуынша, білім беру саласын мүлдем жаңа сапалы деңгейге шығару үшін цифрландыру мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет.

«Сіздер тұтас елімізді технологиялық тұрғыдан жаңғырту ісінде алдыңғы шептен табылып, біздің қоғамды нағыз прогрессивті әрі дамыған ұлтқа айналдыруға ерен үлес қосасыздар деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.