Қоғам • Бүгін, 14:16

Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қала тұрғындарымен кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

Президент тапсырмасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында министр ведомствоның негізгі жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Ашық диалог барысында Шымкент тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарын тыңдады.

Аида Балаеваның сапары БАҚ өкілдерімен өткен брифингпен қорытындыланды. Онда медиа, жастар саясаты және мәдениет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.