ОРАЛ. 5 тамыз. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Жайық Пресс» ЖШС баспаханасынан қазақ хандары бейнеленген дәптерлер басылып шықты. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Серіктестіктің бас директоры Жантас Сафуллиннің айтуынша, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының бастамасымен мұндай игі іс осыдан үш-төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Бұдан дейін батырлар Райымбек, Сырым, Исатай, Махамбет, күйшілер Құрманғазы, Дина, ақындар Абай, Ғұмар Қараш, Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтің суреттері мен қысқаша өмірбаяндары басылған дәптерлер басылып шыққан.
Мұндай тың бастаманың мақсаты – сыртқы мұқабасына адамның бас сүйегі, жартылай жалаңаш денелері сияқты сорақы суреттер салынған шетелдік дәптерлердің орнын тәрбиелік маңызы бар отандық өнімдермен толтыру, соған жергілікті кәсіпкерлердің назарын аудару.
Қазақ хандығына арналып басылған дәптерлерде Керей мен Жәнібек хандардың, Абылай мен Әбілқайырдың суреттері жарияланып, өмірбаяндары жазылған. Хандардың суреттерін дәптерге лайықтап қайта салған батысқазақстандық белгілі қылқалам шебері Бекжан Жұмабаев, дизайнері Арман Дауылбаев. Ал өмірбаян деректерін жазуға тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұқтар сынды белді ғалымдар атсалысты.
«Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Мысалы, биыл туғанына 140 жыл толатын Ғұмар Қараштың суреті бейнеленген күнделік шығару көзделуде. Негізі оқу құралдары мен дәптерлердің тәрбиелік мән-маңызын арттыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі бас болып арнайы комиссия құрып, осы істі бір ізге түсірсе, тіпті жақсы болар еді», дейді Жантас Сафуллин.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 05 Тамыз, 2015
Оралда қазақ хандары бейнеленген дәптерлер шығарылды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше