Аймақтар • Бүгін, 12:55

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш кәмелетке толмаған бала бар, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 тамыз күні «Астана – Петропавл» автожолының 284-шақырымында болған. Mercedes-Benz пен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz көлігіндегі тағы төрт жолаушы мен Toyota Camry жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың үшеуі – кәмелетке толмаған балалар, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.