
Қордай ауылындағы «Самал» шағынауданында және «Жібек жолы» көшесінің бойында орналасқан екі шағын футбол алаңы мемлекеттік бюджет есебінен салынған. Тұрғындардың өтініші негізінде салынған жаңа алаңдар қысқа мерзімде пайдалануға беріліп отыр.
Нысанның ашылу салтанатына Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Н. Садықов, Қордай ауылдық округінің әкімі Ә. Қаспақбаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты. Жақын күндері Қордай ауылындағы «Батыс» шағынауданында тағы бір футбол алаңы ашылады.
2025 жылдың басынан бері аудандағы Көгадыр, Көктөбе, Сарыбастау, Сортөбе және Ауқатты ауылдарында бірнеше кіші футбол және стритворкаут алаңдары іске қосылды. Барлық нысандар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасалуда.Нәтижесінде, ауданда спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 41 пайызға артты.
Жамбыл облысы