Үкімет • Бүгін, 10:31

Елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталады

Фото: gov.kz

Елімізде теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы  - 16 мың шақырым. Нұрлан Сауранбаев тасымалдардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа жол құрылысын салу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын айтты. 

Сонымен қатар, 11 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары қарқынды. Ал 5 жоба бойынша жаңадан құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар – «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» «Бақты – Аягөз» учаскелері және «Алматы айналма теміржолы».
Биыл мерзімінен бұрын екі ірі жоба «Достық – Мойынты» учаскесі және «Алматы айналма теміржолы» аяқталады.

Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржолдарын іске қосу жоспарланған. Сонымен бірге, биылдан бастап 3 мың шақырымдық теміржол учаскелерінде кең ауқымды жаңғыртулар басталды.

«Бұл жұмыстарды жаңа жолдарды салумен бірдей дәрежеде қарастыруға болады. Мысалы, «Қызылжар – Сексеуіл» учаскесінің өткізу қабілеті 8 пойыздан 25 пойызға дейін, ал «Қандыағаш – Тобыл» 7-ден 25-ке дейін артады. Бүгінгі күнде аталған жобалар Қазақстанның теміржол негізін толығымен қалыптастырады деп айтуға болады», деді Нұрлан Сауранбаев.