Қоғам • Бүгін, 14:17

Ақорда жаңалықтары Aitu платформасы арқылы да таралады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақорда жаңалықтары Aitu платформасы арқылы да таралады

Фото: Ақорда

«Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар», делінген хабарламада.

Арнаға сілтеме: @aqorda_official

ыы

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект дамуына байланысты жаңа қауіптер пайда болғанын айтып, деректерді басқару мен киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында Үкіметке жеке деректерді қолданатын барлық коммуникацияны қорғалған ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

«Бұл платформаларда жеке сәйкестендіру нөмірін, азаматтардың денсаулығы туралы мәліметті және басқа да деректерді жиі сұрайды. Мұндай тәжірибе жеке мәліметтерді қорғау туралы заңнамаға қайшы және ұлттық юрисдикциядан тысқары жерге деректердің тарап кетуіне әкеліп соғады. Қазақстанда отандық Aitu мессенджері әзірленді. Ол тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алады. Үкімет жеке деректерді қолданатын барлық коммуникацияны қорғалған ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауы керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Үкіметте өткен цифрлық штаб отырысында AITU ұлттық мессенджерін кең ауқымда енгізу мәселесі қаралған болатын. Оның пилоттық жұмысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде көрсетілді, енді аталған қызмет мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының барлығына енгізіледі. Мессенджерге көшу мерзімі 15 қыркүйекке дейін бекітілді.