Елорда • Бүгін, 12:45

Астанада елдегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 тамыз күні елордада жұмысшы мамандықтары жылы аясында жастарға арналған еліміздегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада елдегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Фото: dauletten.kz

Жәрмеңке Кенесары көшесі, 32 мекенжайында орналасқан Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында ұйымдастырылады.

Бұл шарада әртүрлі саладан 70-тен астам жұмыс беруші 1000-нан аса өзекті бос жұмыс орнын ұсынады.

Қатысушылардың қатарында еліміздің жетекші ұлттық компаниялары: «KEGOC» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «DAR RAIL» ЖШС, «Home Credit Bank» АҚ, «IntegraConstruction KZ» ЖШС, «Қазмедиа орталығы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Astana Hub және басқа да ірі ұйымдар бар.

Жәрмеңкенің өтуі жүздеген жас қазақстандықты жұмыспен қамтуға ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыруға және ел экономикасын нығайтуға қуатты серпін береді.