Digital • Бүгін, 18:28

Алты орындық электромобиль шықты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Tesla компаниясы жаңа, алты орындық жол талғамайтын электромобилін таныстырды. Бұл көлік YL деп аталады, деп жазады Egemen.kz.

Алты орындық электромобиль шықты

Ең басты жаңалық – бағасы бұрынғы Tesla үлгілеріне қарағанда арзан. Компания оны табысы орташа отбасыларға қолжетімді етуді жоспарлап отыр.

19 тамыз күні Tesla Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде YL-дің бағасын жариялады. Жаңа көлік 339 мың юань тұрады. Бұл шамамен 25 миллион теңге немесе 47 мың доллар. Автокөлік 2025 жылдың қыркүйегінен бастап сатылымға шығарылады.

YL үлгісі бұрынғы Y моделіне қарағанда сәл үлкен – шамамен 15 сантиметрге ұзын. Себебі үшінші қатарға қосымша орындық қойылған. Бір мәрте толық қуаттағанда, көлік 751 шақырымға дейін жол жүре алады.

тесла

Сарапшылардың айтуынша, Tesla енді арзан бағамен Қытайдың Li Auto компаниясының L8 үлгісімен және Huawei-дің Aito M8 көлігімен бәсекелес бола алады.

Tesla бұл қадамға жайдан-жай барған жоқ. Соңғы уақытта Қытайдағы сұраныс азайып кеткен. Мысалы, компанияның Шанхайдағы зауытынан шыққан көліктер шілде айында аз сатылды. Сол себепті Илон Масктің командасы бағаны төмендетіп, жаңа үлгілер шығаруға кірісті.

Қазір әлемдік нарықта электромобильдер өте көп. Ай сайын жаңа үлгілер шығып жатыр. Tesla да артта қалмай, тұтынушыларға ыңғайлы әрі қолжетімді көлік ұсынуды көздеп отыр. Тамыз айында компания Қытайға қуаты ұзаққа жететін жаңа седанын таныстырған еді.