
Сурет: 4kids.az
«Qonaev Cup» турнирі 2021 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Турнир «Masters», «Challengers» және «Open» болып үшке бөлінді. Онда барлығы 30-дан астам жүлделі орын сарапқа салынды.
«Masters» турнирінің (Қазақстан кубогінің 3-кезеңі) жеңімпазы Үндістан өкілі Адитья Миттал атанды. Еліміздің шахматшылары арасындағы ең үздік нәтиже 22 жастағы Рамазан Жалмахановқа тиесілі, ол – 5 ұпай жинап, 17-орынға ие болды. Әйелдер арасындағы ең үздік нәтиже үшін тағайындалған жүлдені 19 жастағы Әмина Қайырбекова иеленді, ол 4 ұпаймен жалпы есепте 45-орынға тұрақтады.
Ал «Challengers» бойынша жүлдені Әбілмансұр Әбділқайыр, Константин Корниенко, Бақтияр Асқаров, Нұрғазы Жеенбеков, Евгений Пак, Ақылжан Мейірханұлы сынды шахматшылар өзара бөлісті. Сонымен қатар «Open» жүлдегерлерінің көшбасын Азамат Нұрдинов бастаса, одан кейінгі орындарды Төрехан Молбай, Айбек Тілекқабыл, Янь Зимо, Дінмұхамед Мелс еншіледі.
Айта кетейік, «Qonaev Cup – 2025» халықаралық шахмат турнирі «Almaty Region Open» фестивалі аясында өтті.
Алматы облысы