Саябақ аумағы толықтай жарық шамдармен қамтылған. Қала әкімдігі шаһарда саябақтар санын көбейтуді жоспарлап отыр. Ол қаланы инфрақұрылымдық дамытудың негізгі бағыты болып саналады. Қаланы көркейту жұмыстарына жауапты мамандар тұрғындарға жайлы өмір қалыптастыру бағытындағы істер жалғаса беретінін жеткізді.
Сонымен бірге бүгінгі таңда Шымкентте дендросаябақты қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Саябақты қалпына келтіру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. Бірінші кезеңде аумақты абаттандыру, заманауи спорттық және ойын алаңдарын орнату қарастырылған.
Қазіргі таңда дендросаябақта пандусы бар инклюзивті ойын алаңы, төрт воркаут алаңы, сәндік аркалар мен перголалар, балаларға арналған ойын аймақтары және демалуға арналған орындықтар орнатылды. Жоспарланған барлық кезеңдер аяқталған соң, бұл аумақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы әрі заманауи демалыс орнына айналмақ.
Шымкент