Абай • 23 Тамыз, 2025

Абай аялдамалары

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқар жырау ауданында кемеңгер Абайдың 180 жылдық мерейто­йына орай әдеби аялдамалар желісі құрылып келеді. Енді жолаушылар аялдамада ақынның өлеңдерін оқиды.

Абай аялдамалары

Мұндай рухани аялдамалардың ал­ғаш­қысы Көкпекті аулында ашылған еді. ­Онда QR-код орнатылған. Оны көкпектілік­тер мен ауыл қонақтары, жолаушылар ­сканерлеп Абайдың өлеңдерін оқып, оның шығармаларының аудио нұсқасын да тыңдай алады. Және ақын­ның өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат алады. Осылайша, аялдама мәдени-ағарту алаңына айналды.

Осындай нұсқадағы аялдама ауданның Ботақара кенті мен Доскей ауылында да пайда болды. Олар мәдени-ағартушылық үлгіде безендіріліп, стендтерінде Абайдың өмірбаяны, өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер, ақынның өмір сүрген дәуірін бейнелейтін фотосуреттер мен иллюс­трациялар орналастырылған. Ұлттық ою-өрнектермен және қанық түстермен бедерленген аялдама елді мекендерге ерекше көрік беріп тұр.

– Абайдың әдеби аялдамалары абаттандыру нысаны ғана емес, өскелең ұрпаққа кемеңгердің соңында қалдырған мәңгілік мұрасын еске салудың бір жолы, – дейді осы жоба бастамашылары.

 

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы 

Соңғы жаңалықтар

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Алмас жарқылдайтын кезең

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:53

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

Жеңіске бастар жол

Күрес • Бүгін, 08:43