
Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданы Ойтоған ауылында туған.
1990-95 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, республикалық басылымдардағы қызметін бастады. Студент кезінен Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған ол, кейін «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінде, «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі» газеттерінде бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары "Егемен Қазақстан" газетінде қызмет етті.
Сондай-ақ «Оқырман күткен әңгіме» атты кітаптың авторы.