Спорт • Бүгін, 15:48

Роналду голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әл-Наср» клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта алғаш рет төрт түрлі клуб пен ұлттық құрама сапында 100 голдан соққан футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. 

Роналду голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты

40 жастағы форвард Сауд Арабиясының Суперкубогы финалында «Әл-Ахлиге» қарсы ойында пенальтиден гол соғып, Эр-Рияд клубы үшін 100-ші добын еншілеген.

Роналдудың есебінде: мадридтік «Реал» сапында – 450 гол, «Манчестер Юнайтед» үшін – 145 гол, «Ювентус» сапында – 101 гол және «Әл-Наср» құрамында – 100 гол бар. Ал Португалия құрамасы үшін ол 138 рет мергендік танытқан.

Бұған дейін Криштиану Роналду әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы атанған болатын. Оның табысы $275 миллионға жеткен. Бұл Forbes тарихында кәсіби спортшылар арасындағы үшінші ең жоғары жылдық көрсеткіш саналады.