
Зымырандар алты апта ішінде жеткізіледі. Әскери көмектің жалпы құны – 850 миллион доллар. Қазірше бұл пакетке тағы қандай қару-жарақ кіретіні белгісіз. Көмектің негізгі бөлігін Еуропа елдері қаржыландырып отыр.
Басылымның дерегінше, АҚШ билігі бұл шешімді Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскада, ал Украина президенті Владимир Зеленскиймен Вашингтонда өткен келіссөздерінен кейін қабылдаған.
ERAM зымыраны АҚШ-та жасалған заманауи SM-6 зымыран кешенінің бір бөлігі. Ол әдетте әуе және теңіз шабуылдарынан қорғану үшін қолданылады. Дегенмен кей жағдайларда шабуылдық мақсатта да пайдалануға болады.