Спорт • Бүгін, 16:37

Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Турнир  29-31 тамыз аралығында «Шабыт» жазғы амфитеатр маңында арнайы дайындалған трассаларда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңі өтеді

Фото: ҰОК

Байрақты бәсекеге оннан астам мемлекеттің ұлттық құрамалары қатысады.

Жүлделер үшін Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің спортшылары күш сынасады.

Айта кетейік, медальдар «жылдамдық» пен «қиындық» санаттарында үлестіріледі.