Балалар • Бүгін, 18:22

Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудныйда өткен «Run for autism» қайырымдылық жобасы аясында Рудныйдағы балабақша мен мектепте екі бірдей инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

«ERG» компаниялар тобының демеушілігімен ашылған кабинеттерлдің әрқайсы жылына он балаға қолдау көрсетеді. Мұнда заманауи компьютерік жабдықтар, сенсорлы тынығу аймағы орнатылып, баланың қимыл-қозғалысы мен ой-өрісін дамытуға септігін тигізетін ойыншықтар мен жиһаздар қойылған.

«Біз ERG компаниясының қолдауымен «Run for autism» атты үшінші қайырымдылық жүгірісінен түскен қаражат есебінен 2 жаңа инклюзияны қолдау кабинетін аштық. Қалған қаражатқа Астананың балабақшалары мен колледждерінде тағы 6 кабинет ашылады», дейді «Bolashak Charity» қорының директоры Азамат Божақ.

Қостанай облысы