Тағзым • Бүгін, 08:07

Қаламгерлік қолтаңбасы ұмытылмайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса күрделі 90-жылдардың ортасынан бері ұлт баспасөзі­нің алғы шебінде жүріп, бар бі­лімі мен білігін замандастары­мызды ағартуға, интеллектуал­дық деңгейін көтеруге аянбай жұмсаған Айгүл Аханбай­қызы­ның ауыр қазасын күйзе­ліспен қабылдадым.

Қаламгерлік қолтаңбасы ұмытылмайды

Отбасына, жақын туыстарына сабыр бер­сін. Халықтың қабыр­ғасы қайы­сып көңіл айтуы ол кісілердің қайғысын жеңілдетсін.

Айгүл Аханбайқызы – бір отбасы-әулеттің емес, ел­дің елеулі перзенті еді. Ол ұшқыр қаламымен де, адам­шы­­лы­ғымен де, жеке өне­ге­сі­мен де қазақтың қайсар қызы қан­дай болатынын дәлел­деп өтті. Жаман дерт қанша ден­десе де, бес жыл бойы қала­мын қолы­нан тастамады. Қар­лы­ғаштың қанатымен су тасы­ғанындай мәдениет, руханият тақырыбын заман талабына сай оқырманға үзіліссіз жеткізумен болды.

Айгүл Аханбайқызы қа­лам­герлік қолтаңбасы «Жетісу», «Жас алаш», «Қазақ әдебие­ті», «Айқын», «Халық сөзі», «Egemen Qazaqstan» газет­те­рінде мәңгілікке қалды. Ол ұлт басы­лымындағы өзекті, сауатты, білікті мақалаларымен өзі де өсті, қазақ журналистикасын да жаңа деңгейге көтерді.

Осынау қаралы күнде асыл жарына, ұл-қызына, аға­йынына қайғыра көңіл айта отырып, қалың елі, жанашыр әріптестері тұрғанда марқұм Айгүл Аханбайқызының ісі де, ізі де өшпейді дегім келеді.

Марқұмның алды – пейіш, соңы кеніш болсын!

 

Аида БАЛАЕВА,

Мәдениет және ақпарат министрі