Банк • Бүгін, 13:33

Қымбат пәтер иелерінің банк шоттары қадағаланады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде құны 78 миллион теңгеден асатын пәтер сатып алған азаматтардың банк есепшоттары бақылауға алынады. Бұл норма Қаржы министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатында көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.

Қымбат пәтер иелерінің банк шоттары қадағаланады

Құжатқа сәйкес, екінші деңгейлі банктер салық органдарына жеке тұлғалардың шоттарының бар-жоғы мен нөмірлері, қаражат қалдығы мен қозғалысы, берілген несиелер туралы мәлімет, сондай-ақ бір жыл ішінде 20 мың АЕК-тен (шамамен 78,6 млн теңге) асатын мүлік сатып алғандар туралы ақпаратты ұсынуға міндетті болады.

Министрлік бұл шара кірістер мен мүлікті декларациялау процесін жетілдіруге, камералдық бақылауды уақтылы жүргізуге, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа Салық кодексіне сәйкес, құны 450 миллион теңгеден асатын пәтер, көлік және өзге де қымбат мүлік иелеріне «сән-салтанат салығы» енгізіледі.