
Балалар хирургиясы орталығының жетекшісі, балалар хирургы Бейбіт Бердібеков айтуынша, сәби қабылдау бөліміне дене қызуы көтеріліп түскен. Тексеру кезінде баланың ішінде бөгде зат бар екені анықталған.
«Бала ауруханаға дене қызуы белгісімен түсті. Науқасты тексеру барысында іш құрсағында бөгде зат бар екенін анықтадық. Оны жедел түрде нейрохирургия бөлімшесіне жатқызып, ота жасадық. Операция кезінде баланың ішінен 22 дана магнит алынды. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, бөлімшеде ем қабылдап жатыр», – дейді дәрігер.
Дәрігер ата-аналарға қауіпті ойыншықтар мен магнитті заттарды үйге сақтамауға кеңес берді.