
Фото: rbc.ru
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен үкімет мүшелерімен кездесуде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде мәлімдеген.
Трамп мүмкін санкцияларды енгізуге асықпайтынын атап өткен. Себебі ол ең алдымен бейбіт келісімнің жасалғанын көргісі келеді. Оның айтуынша, қақтығысты реттеу үшін Ресей мен Украина көшбасшылары кездесуі қажет.
«Мен қақтығысты тоқтатқым келеді, әйтпесе әлемдік экономикалық соғыс басталады. Бұл Ресей үшін де жаман болады, ал мен мұны қаламаймын. Зеленский де мінсіз емес, бірақ танго билеу үшін екеу керек. Олар кездесуі тиіс», деді АҚШ президенті.
Трамп бұған дейін де бірнеше рет қақтығыстың созылуы қарапайым америкалықтар мен украиндарға емес, тек бюрократтарға тиімді екенін атап өткен болатын.