ЖОЛДАУ • Бүгін, 10:45

«Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған адамдарды біріктірді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғалы елімізде 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізіліп, оған 10,4 млн-нан  астам адам қатысты, оның ішінде 586 мыңы ерікті, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған адамдарды біріктірді

Фото: Видеоскрин. Үкімет, телеграм

«Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың га аумақ тазартылды», деп нақтылады Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

«Таза Қазақстан» бастамасы азаматтардың жүйелі көзқарасы, саяси ерік-жігері мен белсенді қатысуы нақты жемісін бере алатынын көрсетті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытын айқындап алға басады, бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасайды.