– Осыны кәсіп қылғанымда үйдегілер жаз бойы тегін қарбыз жейтін еді, – деп күледі танысым. – Бірақ арың жібермейді екен.
Расында, піспеген қарбыз алып, сан соғып қалып жатқандар аз емес. Сондықтан қарбыз таңдай білу керек. Егер таңдай алмайтын болсаңыз, төменде бірер кеңес берейік.
Ең алдымен, піскен қарбыздың ақ жолағы жалпақ болады.Сондай-ақ, жолағы қанық болуы тиіс. Одан соң қарбызды шертіп көрген кезде дауысы анық шығуы керек. Үшіншіден, сыртында қоңыр-қара дағы бар немесе жырылған қарбызды көрсеңіз мүлде жоламағаныңыз жөн. Төртінші, қарбызды, басқа да жемісті сабағына қарап та таңдауға болады. Егер жемістің сабағы шірімеген болса онда ол жаңа жұлынып әкелінген және іші де түспеген. Бесінші, қарбызда болатын сары дақтар оның толық піскенін білдіреді. Алтыншы, қарбыздың сырты жылтыр болса да жақсы піскендігінің белгісі.
Негізі, мамандар қауын-қарбызды тамыз айынан бастап жеуге кеңес береді. Сатылымға ерте түскен қауын-қарбыздардың құрамында нитраттар шамадан тыс көп болады. Егер қарбыз сатып алған болсаңыз сыртын жақсылап жуу керек. Кесілген қарбыз алты сағаттан артық тұрып қалған болса жемегеніңіз жөн. Сонымен қатар, сатып алар кезде сатушыға қарбызды кесіп беруін өтінбеңіз. Ол жерге микробтар түсіп, ішек инфекциясы ауруын тудыруы әбден мүмкін.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше