Аймақтар • Бүгін, 08:02

Ауыл тұрғындары алысқа сабылмайды

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты 2 мыңға жуық тұрғыны бар Көктерек ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары қарапайым тексерулер үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болып келсе, енді алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады.

Ауыл тұрғындары алысқа сабылмайды

«Amanat» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауал­ды бағдарламасы аясында бой көтерген нысан Ата заң­ның 30 жылдығы мерекесі қар­са­ңын­да пайдалануға берілді. Құрылысына мемлекетке қай­тарылған заңсыз активтерден 263 млн теңге бөлінген жаңа ны­санның ашылуына тұрғындар тайлы-таяғы қалмай жиылды.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов жалпы аумағы 70 сотық жерге салынған 264 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат бір мезетте 40 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Фельдшерлік-акушерлік пункт – ауыл тұрғындары үшін қолжетімді әрі сапалы ме­­дициналық көмектің ке­пілі. Ғимарат заманауи жаб­дық­тар­мен толық қамтылған. Мұнда ал­ғашқы қабылдау, жүкті әйел­дерге арналған арнайы каби­­нет, егу, процедуралық бөлме­лер қарастырылған. Ауыз су құбы­ры, кәріз жүйелері тартылған. Ал­дағы уақытта ауданда осындай тағы екі медициналық пункт ашу жоспарланып отыр», – деді аудан басшысы.

«Amanat» партиясының өкіл­дері жобаны ауылдағы ден­саулық сақтау сапасын ар­тыру­ға бағытталған маңызды қа­дам деп бағалап отыр. Өйткені ­енді тұрғындар дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына сабылмайды.

ва

«Талдау тапсыру үшін енді аудан орталығына барудың қа­жеті жоқ. Тіпті қажет бол­ған жағдайда қаладағы ауруха­на­ларға жолдама беріледі. Бұл – партияның ауылдарда ме­ди­циналық көмекті жа­қын­­дату ба­ғытында жүр­гізіп келе жат­қан жүйелі жұ­мысы­ның нәтижесі», – деді «Amanat» партиясы Іле аудан­дық фи­лиалының төр­ағасы Алмасбек Сатыбаев.

Жобаның тағы бір ерекше­лігі – оның қаржыландыру көзі. Жаңа медициналық пункт­тің құрылысына мемлекетке қай­тарылған заңсыз активтерден бөлінген қаражат жұмсалды. Іле ауданының прокуроры Бауыржан Төлендиновтің ай­туынша, мұндай бастама – заң үстемдігі мен әлеуметтік әді­леттіліктің нақты көрінісі.

«Өңірде заңсыз шығарыл­ған активтерді мемлекетке қай­тару бағытында жүйелі жұ­мыс­ жүргізіліп жатыр. Сол қа­ражат есебінен халыққа қа­жет­ті әлеуметтік нысандар са­лынбақшы. Бүгін қолданысқа бе­рілген медициналық пункт – со­ның нақты айғағы. Қазір­де облыста осындай 22 нысан­ның құрылысы жүріп жатыр», деді ол.

Айта кетейік, биыл Ал­маты облысында «Amanat» пар­­тия­­сы­ның сай­лауал­ды бағ­дар­ла­­масы аясын­да 15 дәрі­гер­лік амбула­тория, 12 фельд­шер­лік-аку­шер­лік пункт, 11 меди­цина­лық пункт салу жоспарланған.

Сонымен қатар ауылдарға жас мамандарды тарту үшін де нақты іс-шаралар қолға алын­ған. Партияның бастамасымен аса тапшы мамандық иелері­не 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем қарастырылған. Тек шарт бойынша дәрігерлер кемінде бес жыл ауылда қызмет етуге міндетті.

 

Алматы облысы