
Жаңа талаптарға сәйкес, валюта айырбастайтын клиенттердің жеке деректерін тексеру күшейтіледі. Бұл шара заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыруға қарсы талаптарға сай жүргізіледі.
Сонымен қатар оффшорлық аймақтардың тізімі нақтыланып, алтын құймаларын сатып алу мен сату кезінде клиенттерді тексеру тәртібі де қатаңдайды.
Айта кетейік, 2025 жылдың 9 қыркүйегінен бастап айырбастау пункттеріне сыртқы таблода валюта бағамдарын көрсетуге тыйым салынады. Бағамдар тек пункт ішінде ғана көрсетіледі.
Шілде айында айырбастау пункттеріндегі рубльдің нетто-сатылымы 53,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 5,6 есеге өскен.