
Фото: Жоғарғы Сот
Журналистер министрден Абай облысы, Үржар ауданында 3 баланың өлімімен аяқталған жол апатына қатысты істің тергелу барысын сұрады.
Еске салсақ, «Toyota» маркалы автокөлікті басқарған 55 жастағы жүргізуші рөлді игере алмай қалғаны анықталған. Кейіннен айыпталушының баласы әкесінің сол сәтте жүрек талмасына ұшырағанын мәлімдеген болатын. Е. Сәденов айыпталушының денсаулығының сыр беруі оны жауапкершіліктен босатпайтынын айтты.
«Қазір кінәлі адам қамауға алынған. Әлеуметтік желіде жүргізушінің денсаулығы талқыланып жатыр. Мұның бәрі қылмыстық іс шеңберінде тергеледі. Медициналық көрсеткіштер қайта сараланады. Десе де денсаулық жағдайы жауапкершіліктен босатпайды», деді Ішкі істер министрі.