Оқиға • Кеше

Алматыда автобус жүргізушісі екі қызды қағып кетті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде электроскутер мінген екі қызды қағып кеткен. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда автобус жүргізушісі екі қызды қағып кетті

Фото: Ашық дереккөз

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Алмалы ауданында болған. 2008 жылы туған қыздар дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. 

«Foton автобусының жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Уәлиханов көшесінің бойымен солтүстікке қарай жаяу жүргіншілер өткелінің бойымен электрлі самокатпен келе жатқан екі қызды қағып кетті», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Алматыда жаяу жүргіншілер жолағында жалға алынған самокатпен келе жатқан екі жасөспірім сәбиі бар арбаға соқтығысқан еді. Полиция жеткіншектердің жеке мобильді құралдарды пайдалану ережесін бұзғаны үшін анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылған.