АСТАНА. 6 тамыз. Бүгін Алматыда гандболдан жастар арасындағы 13-ші Азия чемпионаты басталды. «Достық» спорт кешенінде жалауы желбіреген жарысқа тек әйелдер командалары қатысуда. Бұл туралы Қазақстан гандбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Чемпионатта Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Өзбекстан және Тәжікстанның жастар құрамалары бақ сынайды. Осы жарыста 2016 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама беріледі. Отандық мамандар Қазақстанның финалға шығатынына зор сенім артып отыр.
Сонымен қатар, биыл келер жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға іріктеу сайыстары өтетіні белгілі. Атап айтқанда, осы жылдың қазан айында Жапонияда әйелдер құрамасы Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Ал жастар құрамасында ойнайтын қыздарымыздың көпшілігі негізгі құрама сапында да өнер көрсетеді. Сол себепті, біз үшін Алматыдағы сайыстың маңызы жоғары.
Жастар арасындағы Азия чемпионаты 14 тамызға дейін жалғасады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Қазақстан гандбол федерациясының баспасөз қызметі.
Сурет: prosportkz.kz.
• 06 Тамыз, 2015
Алматыда гандболдан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше