Банк • Кеше

Елімізде несие алу тәртібі өзгерді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Несие алу ережелері күннен-күнге жаңарып жатыр. Енді егер сіз 3 932 000 теңгеден (1 000 АЕК) көп несие немесе микрокредит алғыңыз келсе, банк немесе микроқаржы ұйымы жұбайыңыздың жазбаша келісімін сұрайды, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде несие алу тәртібі өзгерді

Егер несие сомасы 3 932 000 теңгеден аз болса, ешқандай рұқсат қажет емес.

Ал егер сіз бұрынғы несиені қайта қаржыландыру үшін жаңа қарыз алсаңыз, сомасына қарамастан, жұбайыңыздың келісімі талап етілмейді.

Бұл өзгерістер Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы қаулысымен енгізілді.