Баға • Кеше

Алтын бағасы тарихи биігіне жетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде алтын бағасы жаңа рекорд орнатты. Ұлттық банк дерегінше, 1 грамм алтынның құны 61,4 мың теңгеге жетті, деп жазады Egemen.kz.

Алтын бағасы тарихи биігіне жетті

Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, бағалы металл жыл басынан бері шамамен 37%-ға қымбаттаған.

Сарапшылардың айтуынша, нақты өсім инфляцияны ескергенде төрттен біріне тең. Бұл жерде доллар бағамының ықпалы аз, себебі жыл басымен салыстырғанда ол небәрі бірнеше пайызға ғана өскен.

Әлемдік нарықта да алтын бағасы тарихи рекорд жаңартып отыр. Мұның басты себебі жаһандық тұрақсыздық. Инвесторлар белгісіздік жағдайында алтынды ең сенімді қауіпсіз актив деп санап, оған көбірек қаржы құя бастады.

Сонымен қатар АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі мен доллардың әлсіреуі де алтын бағасының өсуіне әсер етіп отыр.