ЖОЛДАУ • Бүгін, 11:30

Жыл соңына дейін 232 мектеп іске қосылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған орта білім беру жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл соңына дейін 232 мектеп іске қосылады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Басты міндет өңірінде білім сапасының бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жаңғырту. Биыл жалпы сыйымдылығы 267 мың орын болатын құрылысы жүріп жатқан 232 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Бұл үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар қолданыстағы ғимараттарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2025 жылы 245 мектепте күрделі жөндеу жүргізіледі. Қосымша 1 мыңнан астам ауыл мектебі жаңғыртылады. Сондай-ақ 680 ұйым үшін 1,1 мыңнан астам заманауи пәндік кабинет сатып алынады. Мектеп оқулықтарының 100%-ын интерактивті мазмұнды электрондық форматқа толық көшіру маңызды міндеттердің бірі. 

Айта кетейік, бүгінде мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, 85% бала қажетті қолдау алып отыр.

Арнайы ұйымдардың желісі кеңейтілген: 508 мекеме жұмыс істейді, 121 қолдау кабинеті ашылды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға педагог-ассистент, арнайы педагог және жеке көмекші штаттары енгізілген. Алдағы уақытта үздіксіз инклюзивті білім берудің Ұлттық орталығын құрып, сондай-ақ «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кешенді қолдау туралы» Заң әзірлеу жоспарланған.