Білім • Бүгін, 12:15

Батыс Қазақстан облысында 15 оқушы оқитын мектеп бар

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Жетібай ауылындағы Жамбыл бастауыш мектебі туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында 15 оқушы оқитын мектеп бар

Елімізде 15 оқушы оқитын мектеп барФото: Бейнежазбадан
Онда мектепте тек бастауыш сынып оқушылары білім алатыны көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауыл тұрғындары мектепті жыл сайын сырлап, тазалайтынын жазған. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырған.

Осы жағдайға байланысты БҚО білім басқармасы түсінік берді. Мәліметке сәйкес, Жетібайдағы Жамбыл бастауыш мектебінде 2025-2026 оқу жылында 15 оқушы оқиды, оның ішінде 1-сыныпқа 4 бала қабылданған.

Оқу процесін 6 педагог қамтамасыз етеді. Мектеп ғимараты 1984 жылы салынған және аудан орталығынан 85, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан.

Мектеп Starlink жүйесі арқылы интернетке қосылған, екі кабинетте интерактивті проектор орнатылған.

Сонымен қатар, мектепте 8 сандық бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Барлық оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Биыл мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілген. 2026 жылы мектеп ауласына өрнектас төсеу, ал 2028 жылы күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.