Төтенше жағдай • Бүгін, 15:21

Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Әуезов ауданында ірі өрт шықты. ТЖМ мәліметінше, жалын алғашында шаруашылық нысанынан басталып, кейін үш қабатты ғимараттың шатырына тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ірі өрт шығып, үш қабатты ғимараттың шатыры құлады

Алматы қалалық ТЖД-ның 32 қызметкері мен 9 техникасы өртті сөндіруге жұмылдырылды.

Құтқарушылар үздіксіз су жеткізіп, жалынды оқшаулады;

Өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрді қамтыған;

Шатырдың бір бөлігі құлаған.

Мамандардың айтуынша, жапа шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 11:22-де толық сөндірілген.