
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында әскери жасақ құрамындағы жасақ бастығы қатардағы Кирилл Зайцев, сондай-ақ қатардағы патрульдер Мирас Валеев пен Данил Быков Абай көшесінде болған жол-көлік оқиғасының куәсі болды. Көлік 10 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиғаны көрген әскери қызметшілер дереу әрекет етіп, зардап шеккенге балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Ұландықтар жедел жәрдем көлігін шақырып, баланы дәрігерлерге тапсырды. Сонымен бірге, олар зардап шеккен баланың ата-анасын тауып, болған жайтты хабарлады. Дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнын қоршап, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Бұл жеделдік пен жауапкершілік Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қоғамдық тәртіпті қорғауға және адам өмірін құтқаруға әрқашан дайын екенін дәлелдейді.