ЖОЛДАУ • Бүгін, 12:16

Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге шақырды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамда экологиялық мәдениетті орнықтырудың маңызына тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, табиғатқа жанашырлық пен қамқорлық ұлттық идеологияның өзегіне айналуы тиіс, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге шақырды

Фото: ашық дереккөз

«Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысып келеді. Нәтижесінде 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенділіктің арқасында Қазақстан нағыз жасыл елге айналады. Бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарға, әсіресе жастарға ризашылығын білдірді.

«Мұны халқымыздың игі істерге деген ұмтылысының жарқын көрінісі деп түсінген жөн», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Үкіметке экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуді тапсырды. 

Тазалық мәдениетін қоғамда терең орнықтыру – өте маңызды міндет. Осы бағытта Үкімет экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге тиіс. Бұл жұмыс мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін барлық деңгейдегі білім мекемелерін қамтуы қажет», деді Мемлекет басшысы.