ЖОЛДАУ • Бүгін, 12:49

Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар қажет – Президент

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына кәсіби даярлығы жоғары жұмысшылардың аса қажет екенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда елімізде түрлі саладағы мыңдаған бос жұмыс орны шетелдік жұмыс күші арқылы толып отыр, деп жазады Egemen.kz

Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар қажет – Президент

фото: depositphotos.com

Президент жыл сайын мыңдаған инженер, құрылысшы және ауыл шаруашылығы мамандары оқуын аяқтап шыққанына қарамастан, олардың көпшілігі мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін айтты.

«Әрине, адал еңбектің бәрі маңызды. Бірақ бұл үрдіс жеке адамға да, елге де пайда әкелмейді. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал. Экономиканың нақты саласында жұмыс істеуге ұмтылу қажет», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың, оларға лайықты жалақы төлеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсу – мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі», деді Президент.