Әлем • Бүгін, 13:17

Мексикада жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 10 адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикада канадалық Pacific Kansas City de Mexico теміржол компаниясына тиесілі пойыз жолды кесіп өтпек болған екі қабатты жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 61 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

 

Мексикада жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 10 адам қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде тараған суреттерден автобустың үстіңгі палубасының алдыңғы бөлігінің толық қирағанын және металл конструкциясының қатты зақымданғанын байқауға болады. Оқиға орнын төтенше жағдайлар қызметі қоршауға алып, тексеру жүргізіп жатыр.

Прокуратура хабарлауынша, қаза тапқандардың жетеуі әйел, үшеуі ер адам. Кейбір зардап шеккендер ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, Латын Америкасында автобустар қатысатын жол апаттары жиі кездеседі. Мексика үкіметінің 2023 жылғы деректеріне сәйкес, елде 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 400 адам жарақат алған, 1 900 адам қайтыс болған. Ал ақпан айында Канкуннан Табаскоға баратын автобус жүк көлігіне соғылып, 40-тан астам адам қаза тапқан еді.